«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Бота»  мектепке дейінгі шағын-орталығы»                Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Дошкольный мини-центр "Бота" города Кокшетау при отделе образования города Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Основные показатели финансовой деятельности организации образования по состоянию на "01" октября 2020 года

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызыл Телпекпен саяхат (семинар сабақ)

04.01.2017

Сабақтың тақырыбы: Қызыл телпектің саяхаты.

 

Білім беру

саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Сабақтың

түрі: Аралас сабақ.

Мақсаты:Балалардың Қызыл телпек

ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен  аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса

көмектесіп орындатуға үйрету. Балаларға дәстүрлі емес әдіс - тәсілдермен

жұптаса орындату барысында сөйлеу арқылы тілдік қорларын молайту. Ойлау

қабілеттерін қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту. Еңбекқорлыққа достыққа,

кішіпейілділікке мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Балалар музыкамен кіреді.

-        Балалар,бүгінерекше күн. Біздің сабағымызға көп апайлар қонаққа келіп отыр. Олай болса

қонақтармен амандасып алайық,

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін.

Сәлеметсіздер ме  қонақтар.

 -        Ендеше,орындыққа барып отырайық. Балалар сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?

-        Қандай ертегілерді білесіңдер?

-        Балалар, мен қазір сендер ертегіні қаншалықты жақсы білетіндеріңді тексеремін. Ертегілердің  үзіндісін оқимын, ал сендер ол қай етрегінің

үзіндісі екенін айту керексіңдер.

Балалардың жауабы:

(Қызыл телпек кіреді)

Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер.

Тәрбиеші: Міне қызық балалар,жаңаған ертегілер туралы

айтып едік. Ал мына әдемі қыз қай ертегінің кейіпкері?

Балалардың жауабы:

Қызыл телпек: Балалар мен әжемніңүйіне

қонаққа бара жатырмын. Сендер менімен барсыңдар ма?

Қызыл телпек: Менің әжемнің үй алыста,

жол ұзақшаршап қалмаңдар. Ал кеттік.

Тәрбиеші: Ал, ендеше жолға аттанайық.Балалар

жолда абай болыңдар. Жай бармай жол жөнекей өлең айтып барайық.

 Балалар музыкамен шеңбербой жүріп мына өлең жолдарын айтады:

Шалық сумен жүреміз шолп-шолп-шолп,

Тастарменен жүреміз тарс-тарс-тарс.

Жасыл шөппен жүреміз сырт-сырт-сырт,

Жолдарменен жүреміз топ-топ-топ.

Қызал телпек:Ой,балалар аяғым талды шаршадым.

Тәрбиеші: Олай, балалар шаршағанымызды басып дем алайық.

Балалар шеңбер бойы отырады.

Қызыл телпек: Балалар, менің қолымдағы не?

Балалардың жауабы:

Қызыл телпек: Дұрыс айтасыңдар гүл. Осы

гүлмен ойын ойнайық. Гүлді  кімге

ұсынамыз сол бала тақпақ айтады.

Балалардың тақпақтары:

Қызыл телпек: Ой жарайсыңдар, балалар. Енді

ары қаратай жүрейік

Тәрбиеші: Балалар,  орманға да жақындап қалған сияқтымыз.

(орманның дауысы естіледі) Міне орманға да келдік . Қараңдаршы орманда құстар сайрап, гүлдер жайнап,

көбелектерұшып жүр. Өте керемет. Орманда қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?

Тәрбиеші:Міне, керемет мына ағаш сыйқырлы екен. Гүлдері де сыйқырылы екен алып көрейікші. Ой балалар мына гүлде жұмбақ жасырынған екен. Қане жұмбақ шешейік.

Жұмбақтар:  

Таңмен көзін ашады,         Тарс-тарс тамады,

Әлемге нұр шашады./Күн Сайға қарай ағады. /Жаңбыр/

 

                                    

Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады.

Қысы-жазы өзгермес/Көбелек/.

Көрсең де күні-түнімен.

Қанша аяз болса да,

Айрылмайды гүлінен.

               

                            (Шырша)Жылт – жылт еткен

Жыралардан өткен. ( су)

 

 

(Түлкі шығады)

Түлкі: Келгендерің қандай жақсы

болды ішім пысып жүр еді. Өзі жалғыз ойнайалмай жүредім. Менімен ойнайсыңдар

ма?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Ол қандай ойын түлкі?

Түлкі: Үй құрастыру ойыны

Ойын « Үй құрастыру»

 

Ойын ойнайды.

Тәрбиеші:Балалар сендер үйді қандай

пішіндерден құрастырдыңдар.

Балалардың жауабы:

Түлкі: Балалар, рахмет. Мен енді

достарыммен барып ойнайын. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар саяхатымыз

ары қарай жалғастырайық,

(қасқыр кездеседі)

Тәрбиеші: Мынау тұрған кім? Қасқыр

сен неге ойланып тұрсың.

Қасқыр: Мен анау көбелектерді

санайалмай ызам келіп тұрғаны.

Қызыл телпек: Ой, аяғым шаршады.

Балалар жерге отырады.

Тәрбиеші: Сен не қасқыр санау

білмеуші ме едің.

(қасқыр ұялады)Жоқ

Тәрбиеші: Қасқыр ұялма біздің

балалар, саған сануды үйретсін. Үйретеміз бе? Ендеше 1-ден 5-ке тура және кері санайық.

Тәрбиеші:   Ал енді балалар ,кім қасырға көбелектерді

санауға

көмектеседі .

Қасқыр: Рахмет балалар мен үйге

барайың, Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Ал, балалар шаршағынымызды

басып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Тәрбиеші: Балалар, еніді ары қарай жүрейік. Қызыл телпектің әжесі тосып қалған болар.

Қызыл телпек: Ой, балалар біз адасып кеткен сияқтымыз! Енді не істедік.Менәжеме қоңырау шалып жолды сұрап алайын.

(звандайды)

Қызыл телпек:Әже мен саған достарымен келе жатып, адасып кеттім. Алдымда екі із жатыр. Біреуі оң жаққа, екіншісі сол жаққа баратын із. Қойсымен жүрейік. Сол жақ ізбен жүрейікпе? Түсіндім Әже қазір

келеміз.

Қызыл телпек: Жарайды әже. Балалар сол

ізбен жүру керек екен.

Тәрбиеші: Балалар сол жақ із қайсысы

көрсетіңдерші.

Қызыл Телпек: Жарайсыңдар, балалар.

Балалар  Әжем күтіп қалған болар барайық.

(күшіктің дауысы. Әже шығады)

Әже: Амансыңдар ма, қарақтарым?

Менің немереммен орманда серуендеп жүрсіңдер ме?

(балалар амандасады)

Қызыл телпек: Әже мен сізге бәліш пісіріп

алып келдім.

Әже: Ой, рахмет қызым!Балалар

сендердіңде қарындарың ашқан болар, мен сендердің келе жатқандарыңды естіп тәтті

тоқаш пісірдім, міне ала қойыңдар.

Тәрбиеші:Рахмет Әже.Балалар бұл тәтті

тоқашты топқа барғасын жейік.

( қарға  жылап келеді)

Тәрбиеші: Қарғажан не болды? Неге жылайсың?

Қарға:  Жаңа бір топ бұзақы балалар менің ұямды таспен атып бұзып кетті.

Тәрбиеші:Балалардың ісі дұрыс па?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Құстар туралы тыиым сөздер,

жағылтпаш, мақал-мательдер білесіңдер ме?

(балалардың жауабы)

Тәрбиеші:Енді не істедік, қалай көмектесеміз

қарғаға. Қане ойланайық.

Балалар мен бір амалын тапқан сияқтымын. Мүмкін қарғаға

ұясын жасап береміз.  Ал енді қарғаға

уәдемізде  тұрып ұя жасап берейік. Қане

балалар стол басына тұрайық. Ұяны ермексаздан жасайымыз.

Әже: Қарағым, қане менде жасасайын.

Тәрбиеші: Ия, әже келіңіз. Қызыл телпек сенде кел.

Музыка ойналып тұрады(ұяның жасалу жолдарын түсіндіру)

Тәрбиеші: Міне қарға айтқан уәдемізде тұрып ұя жасап бердік.

Қарға: Ой, қандай керемет. Көп рахмет балалар, енді ұямды апарып орналастырайын.

Қызыл телпек: Әже жүріңіз қарға ұясын орналастыруға көмектесейік. Сау болыңдар балалар.

(Барлығы қоштасып кетеді)

Тәрбиеші: Ал балалар келіңдер бер шеңберге тұрайық.

- Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

-Біз қайда бардық?

-Қандай ертегілер кейіпкерлерін кездестірдік?

-Жарайсыңдар ,балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет

сендерге. Енді қонақтарымызға арнап жасаған сыйлықтарымызды тару етейік.

 

«Бота» шағын орталығы

Қызыл Телпектің

саяхаты

 

 

 

 

 

 

(Ашық сабақ)

 

Өткізген: Жакенова А.Ж.

 

 

 

 

 

 

Көкшетау

2014 жыл.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст