Тақырыбы: «Сырлы бояу сыр шертеді»
Саласы:Шығармашылық.
Мақсаты: Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру, балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілетін қалыптастыру,арттыру.
Көрнекі құралдар:Қылқалам, бояу, мата трафарет, орамал, су құйғышқұрал.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Бақшаға барағанда
Жолыққан жандарға
Бәрінемен сәлеметсіз бе деймін
Салем,салем достарым
Салеметсіз бе апайлар
Тәрбиеші:
Жұмбақ жасыру.
Жіп-жіңішке денесі,
Басында щеткесі. /қылқалам/
-Дұрыс тайтасыңдар балалар қылқалам. Ал қыламды біз қай сабақта қолданамыз? Ендеше
балалар біздің сурет сабағымыз еркеше өтпек.
Есік қағылады. Хатшы кіреді.
Хатшы:Салеметсіздер ме балалар! Қалдарын қалай? Бұл «Жұлдыздар» тобы ма?
Тәрбиеші:Салеметсіз бе! Ия «Жұлдыздар» тобы.
Хатшы: Ендеше мынау сіздерге. Сай болыңдар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз. Балалар бұл хат кімнен болды екен қане ашып көрейік.Құремтті
балалар қалдарын қалай? Сендердің көмектерін керек. Тез келіңдер ші. Боялар
ханшайымы.
-Бояулар патшалығына барамыз ба?
-Ал ол патшалыққа жету үшін қандай көлікпен тез жетуге болады?
-Автобуспен бе, әлде поездбен бе?
-Дұрыс айтасыңдар поездбен ендеше жүріндер темір жол вокзалына барайық.
Вокзалдан дауыс: Құрметті жолаушылар бояулар патшалығына отырысы басталды.
Тәрбиеші: Балалар қане тездетейік, біздің патшалыққа баратын поездмыз келіп қалыпты
вокзалдан барып билет алайық.
-Сәлеметсіз бе! Маған бояулар патшалығына
билет беріңізші, билеттің құны қана тұрады?
Кассир: Салеметсіз бе! Бес жүз теңге. Ал
мына балалар сізбен бе? Саламетсіздер ме балалар! Темір жолдан өткенде абай
болыңыздар.
Тәрбиеші: Ия менімен. Жақсы рахмет. Ал балалар жүріңдер поездға барып отырайық. Міне
келіп қалдық ақырын абайлап түсіндер құлап қалмаңдар.
Ән - күй ойнап тұрады.
Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!Келгендеріңе қуаныштымын. Сендер сурет салуды ұнатасыңдар ма? Енедеше маған сурет салуға көмектесіңдер. Сендер менің қыл қаламдарым боласындар.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бояу ханшайымының көйлегі өте
әдемі.
Бояуханшайымы: Иә, балалар сендер мұқият қараңдаршы, менің көйлегімде бояудың әртүрлі түстері бар.
-Сендер түстерді ажырата аласыңдар ма?
-Олай болса айтып берейікші қандай түстер бар екен.
/Желдің, найзағайдың , жаңбырдың дауысы./
Тәрбиеші: Ой балалар бұл ненің дауысы?
Бояу ханшайымы:Дұрыс айтасыңдар. Далада жаңыбыр жауып жатыр.
Теледидардан суретін көресту.
Бояу ханшайымы: Ал балалар сендер маған осы
бұлтпен жаңбырды салуға көмектесіңдер ме?.
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе балалар?
Ендеше келіңдер үстелді айналып тұра қалайық.
Тәрбиеші:
-Балалар бірінші бұлттын
суреттін саламыз. Бұлты біз трофарет мақтамен саламыз. Көк түске батырып, ақ
қағаздың жоғарғы жағына апарып бастырамыз. Жарайсыңдар балалар енді
саусактарымызды дем алтамыз
Саусақ жаттығу:
Жел соқты.
Бұлт пайда болды.
Жабыр жауа бастады.
Жаңбыр қатты жауды.
Жаңбыр ақырын жауды.
Жаңбыр басылды
Күнің көзі ашылды.
- Жақсы балалар дема алдық енді келесі жаңбырдың тамшыларын саламыз. Жаңбырдың
тамшыларын сұқ саусақтың көмегімен саламыз. Сұқ саусақты ақшылкөк түске салып,
бұлттын астына тамшылар саламыз.
- Жарайсыңдар балалар жаңбыр көп жауса жерде жап-жасыл болып не шығады?
Дұрыс шөп.
-Шөпті қылқамның көмегімен саламыз. Қылқаламды суқұйғыштан алып жасыл
түскен малып ақ қағаздың астыңғы жағына жасыл шөптер саламыз.
Бояу ханшайым: Ой қандай керемет балалар сендер суретті жақсы салады екенсіңдер.
Тәрбиеші:Ия балалар суретті жақсы салады.
Бояу ханшайым: Мен сендерге ойын дайындадым. Ойнаймыз ба?
Тәрбиеші: Ия ойынаймыз салай ма балалар.
Дидактикалық ойын: «Үйіңді тап»
Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суреттер! Рахмет.
Тәрбиеші:Бояу ханшайымы сізге рахмет, біздің кететін уақытымыз
болды.
Бояу ханшайым: Жаксы балалар мына үнтаспа сендерге, ішінде сендерге базарлығым бар.
Тәрбиеші:Рахмет. Сау болыңыз! Балалар
жүріңдер біздің поездымыз келіп қалыпты, тездетіп барып отырып алайық қалып
қойып жүрерміз.
Қортындылау:
- Балалар біз кімге қонаққа бардық?
- Ненің суретін салдық?
- Ой, балалар топқа келіп қалдық.
- Тағы ненің суретін салдық?
- Сендерге ұнады сабақ? Сабақ аяқталды рахмет балалар.