Көкшетау қаласы, станционный кенті, мектепке дейінгі "Бота" шағын орталығының меңгерушісі Райхан Құрмашқызы Тұрлұбекованы және тәрбиешілер қорлан Тлепбергенқызы Шәріпованы, Әсел Өмірбекқызы Жүнісованы, Айгүл Айтпайқызы Бекішованы көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуаныщқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.
Бүлдіршіндерімізді тәрбиелеп жатқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз. Ерен еңбектеріңізге зор табыс тілеймін!
Көкшетау қаласы, Станционный кенті,
мектепке дейінгі "Бота" шағын орталығы,
"Жұлдыздар" тобының ата-аналарының атынан
М.Қ.БАЛАХМЕТОВА